14.01.2019


Байланыс саласындағы бірқатар мемлекеттік қызмет бойынша қызмет көрсету мерзімі қысқартылды

Қазақстанда байланыс саласындағы бірқатар мемлекеттік қызмет бойынша қызмет көрсету мерзімі қысқартылды. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу бойынша ведомствоаралық комиссияның шешімімен, байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру, сондай-ақ нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру қызметтері бойынша қызмет көрсету уақыты қысқарды. 

Бұдан бөлек, "Азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларының импортына лицензия беру" және "Импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды беру" сияқты екі мемлекеттік қызмет біріктірілді.

Оңтайландырылған "Импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар және (немесе) олардың импортына лицензия беру" қызметі бойынша лицензия алу мерзімі 16 жұмыс күнінен 8-ге дейін қысқарды. 

Айта кетейік, байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия алу мерзімі 15-тен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Ал "Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою" қызметін 20 жұмыс күнінің орнына, 5 күн ішінде алуға болады. Сондай-ақ "Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру, жою, ұзарту және қайта ресімдеу" қызметі толықтай автоматтандырылды, дайын рұқсат құжаты 20 күн ішінде беріледі.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Баспасөз қызметі







14.01.2019

Сократились сроки оказания госуслуг в области связи


В Казахстане сокращены сроки оказания некоторых госуслуг в области связи. Так, согласно решению межведомственной комиссии по отбору государственных услуг сокращены сроки выдачи лицензии на предоставление услуг в области связи, разрешения на использование радиочастотного спектра Республики Казахстан, распределения ресурса нумерации и выделения номеров, а также их изъятие.

Также услуги по выдаче: 1. "Лицензии на импорт радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств гражданского назначения, в том числе встроенных либо входящих в состав других товаров"; 2. "Заключений на ввоз на территорию Республики Казахстан радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств гражданского назначения, в том числе встроенных либо входящих в состав других товаров, в случаях, отличных от импорта" оптимизированы и объединены в новую государственную услугу - "Выдача заключений на ввоз на территорию Республики Казахстан радиоэлектронных средств и высокочастотных устройств гражданского назначения, в том числе встроенных либо входящих в состав других товаров, в случаях, отличных от импорта, и (или) выдача лицензии на их импорт". Более того срок оказания госуслуги сокращен с 16 до 8 рабочих дней.

Стоит отметить, что теперь получить лицензию на предоставление услуг в области связи казахстанцы смогут через 5 рабочих дней вместо 15, а услугу по "Распределению ресурса нумерации и выделение номеров, а также их изъятие" через 5 рабочих дней вместо 20. К слову, услуга по выдаче разрешения на использование радиочастотного спектра РК полностью автоматизирована, и готовое разрешение будет выдано через 20 рабочих дней.

Пресс-служба государственной корпорации "Правительство для граждан"




Редакцияның мекен-жайы:
Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 32
Телефон: 8(72534) 6-25-22
Факс: 6-14-63
E-mail: sirdariya@mail.ru
Web-site: 7Syr.sirdariya.kz