15.01.2019


Еліміздегі халыққа қызмет көрсету орталықтарының 46% трансформацияланады

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы 2019 жылы еліміздегі мемлекеттік қызмет көрсетіп жатқан 152 фронт-офис қызметін трансформацияламақ.

Бүгінде республика бойынша халыққа қызмет көрсетуші 326 фронт-офис бар. Азаматтардың электрондық қызметтерді пайдалану деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік корпорация 60/40 жаңа қағидатына сәйкес, фронт-офистерде кеңауқымды трансформациялауды бастады.

"60/40 қағидаты фронт-офистегі жұмыс аймағының 40% қызмет көрсететін операторларға тиесілі екенін, ал азаматтардың қызметтерді өз бетінше алу аймағы – Connection point пен қоғамдық қолжетімді пункттердің үлесі 60 % жететінін меңзейді. Осылайша, біз болашақта қызмет алушылардың осы принцип бойынша анықтамалар мен басқа да керекті құжаттарды өздігінен алуын қамтамасыз етпекпіз", – дейді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.

Аталған қағидат бойынша елімізде бүгінде 174 фронт-офис қызмет етеді. Нәтижесінде азаматтардың 2018 жылы өз бетінше алған қызметтерінің саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 млн артып, 12 млн құрады. Бұл көрсеткіштің өсуіне электрондық үкімет порталында жұмыс істеу және электрондық қызметтерді пайдалану дағдыларына 8 млн астам азаматтыңүйретілуі де әсер еткен.

Айта кетейік, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы 2018 жылы 31,9 млн қызмет көрсетілді, оның 16 млн электрондық форматта.

Анықтама: "Азаматтарға арналған үкімет"мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтер реестрінде қамтылған 741 қызметтің 598-і қолжетімді.Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін 326 фронт-офис, 6 секторы бар 16 мамандандырылған ХҚО (оның ішінде 4 сектор Алматыда және 2 сектор Түркістан облысында), 70 мобильдік ХҚО және Қазпоштаның 1656 бөлімшесі қамтамасыз етеді.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ баспасөз қызметі







15.01.2019

Более 150 ЦОНов будет трансформировано в 2019 году


Госкорпорация "Правительство для граждан" планирует провести трансформацию 152 фронт-офисов в 2019 году. Напомним, для повышения уровня пользования гражданами услуг в электронном формате Правительство для граждан проводит полномасштабную трансформацию действующих фронт-офисов с внедрением нового принципа 60/40, где 40% - это операционный зал, где граждане получают услуги с помощью операторов, а 60% - это сектор самообслуживания "Connection Point". На сегодняшний день данный принцип уже работает в 174 фронт-офисах корпорации.

По словам председателя правления госкорпорации "Правительство для граждан", Аблайхана Оспанова, благодаря внедрению принципа 60/40, а также открытию цифровых центров обслуживания населения сократилось количество обращений в ЦОНы. "На сегодняшний день перед нами стоит большая задача – научить казахстанцев, получать услуги самостоятельно, чтобы один раз, получив услугу на портале, далее гражданин получал ее дома или на работе, не обращаясь в ЦОН. Мы уже видим первые результаты нашей работы. В 2018 году общее количество оказанных услуг снизилось на 6 миллионов по сравнению с 2017 годом, а в электронном виде почти на 9 миллионов. При этом количество самостоятельно полученных услуг в секторах самообслуживания увеличилось более чем на 2 миллиона", - рассказал Оспанов.

На сегодняшний день в Казахстане функционируют 16 цифровых центров обслуживания населения, где граждане могут, как самостоятельно получать е-услуги, так и обучаться получению государственных услуг без участия оператора.

В рамках реализации государственной программы "Цифровой Казахстан" госкорпорация совместно с акиматами ведет работу по обучению населения цифровой грамотности. Уже разработана учебная программа семинара по курсу "Электронное правительство и электронные государственные услуги", а также материалы в виде презентаций, обзорных докладов и раздаточных материалов. Навыками самостоятельного получения госуслуг через портал электронного правительства уже владеют более 8 миллионов казахстанцев.

Также работники Правительства для граждан уже обучили более 3,5 тысяч тренеров акиматов, которые в свою очередь провели обучение навыкам пользования порталом egov.kz более 686 тысяч граждан.

Пресс-служба государственной корпорации "Правительство для граждан"




Редакцияның мекен-жайы:
Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі, 32
Телефон: 8(72534) 6-25-22
Факс: 6-14-63
E-mail: sirdariya@mail.ru
Web-site: 7Syr.sirdariya.kz